20:56, 06 Тамыз 2025 | GMT +5
Бразилияда екі автокөлік зауыты өртеніп жатыр

Манаустың өнеркәсіптік аймағындағы екі зауытты отқа оранды. Оқиға орнында жүкті әйел зардап шекті. Қазіргі кезде қала аспанын қара түтін басып тұр.
Қызыл жалынды сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші жұмылдырылды. Бірақ зауыттар аумағында бояу, еріткіш сияқты жанғыш материалдардың болуы олардың жұмысын қиындатып отыр.
Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ыстанбұлдағы Айя-София мешіті өртеніп кете жаздағанын хабарлаған едік.