Бразилияның оңтүстігіндегі климаттық апаттан қаза тапқандар саны 151-ге жетті

САН-ПАУЛУ. KAZINFORM – Бразилияның оңтүстігіндегі климаттық апаттың құрбаны болғандар саны 151-ге жетті, 104 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы бейсенбі күні Бразилияның азаматтық қорғаныс агенттігі хабарлады, деп жазады Синьхуа. 

151-ге жетті
Фото: Синьхуа

29 сәуірден бері елдің оңтүстігіндегі Рио-Гранде-ду-Сул штатында жауған нөсер жаңбырдың соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласып, 600 мыңға жуық адам баспанасынан айырылды. 

Кейінгі 24 сағатта қаза тапқандар саны 149-дан 151-ге дейін өсті. Су тасқыны штаттың 497 қаласының 458-іне, соның ішінде елдің әкімшілік орталығы Порту-Алегриге де әсер етіп жатыр. Олардың көпшілігін Гуайба өзенінен келген су басқан. 

Азаматтық қорғаныс агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Аргентина және Уругваймен шектесетін және Бразилия агробизнесінің орталығы, Латын Америкасының ең ірі күріш өндірушісі саналатын штаттағы апаттардан 2,28 миллионнан астам адам зардап шеккен. 

Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва сәрсенбіде аймаққа тағы да барып, уақытша баспаналарды паналағандармен сөйлесіп, қиындыққа тап болған отбасыларға жаңа үй сатып алуға көмектесетінін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 144 адамға жеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар