Бразилияның екі футболшысы әлем чемпионатының қалған ойындарына қатыса алмайды

Globo Esporte мәлім еткендей, медициналық тексеру нәтижесінде қос ойыншының оң тізесінен жарақат алғаны анықталған.
Жезустың қалпына келуі үшін бір айдай уақыт керек. Ал Теллестің жарақаты ауырлау, ол ота жасатуы ықтимал.
Бразилия мен «Арсенал» клубының (Лондон) шабуылшысы, 25 жастағы Жезус алғашқы екі матчта ойыншыны алмастырды.
Ал Камерунмен өткен кездесуді бірінші минуттан бастап, 64-минутта алаңнан кетті.
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының қорғаушысы Теллес осы бәсекеде 55-минутта жарақатына байланысты орнын босатқан кезде көз жасын жасыра алмады.
Қазіргі таңда чемпионаттың басты фавориті саналып отырған Бразилия 1/8 финалда 5 желтоқсанда Оңтүстік Кореямен сынға түседі.
Бұл матчқа осыған дейін жарақат алған Бразилияның тағы бір шабуылшысы Неймар қатыса алмауы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Португалия мен Оңтүстік Кореяның плей-офф кезеңіне шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Камеруннан жеңілген Бразилия өз тобында бірінші орынға ие болды.
Сербияны ұтқан Швейцария плей-офф кезеңіне өтті.