Британия мен тағы төрт мемлекет Израиль министрлеріне санкция салды
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия мен Норвегия Израиль министрлеріне санкция салды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамара Бен-Гвир мен Қаржы министрі Бецалел Смотричке қарсы Ұлыбритания, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия мен Норвегия бірлесіп, жеке санкция салды.
Санкция шарасы активтерді бұғаттап, елге кіруге тыйым салуды қарастырады. Бұл туралы аталған бес елдің сыртқы істер министрлері басшыларының бірлескен мәлімдемесінде айтылған.
- Біз екі мемлекет негізінде қабылданған шешімді қолдаймыз және оны серіктестермен бірге жүзеге асырамыз. Бұл Израиль мен Палестина тұрғындарының қауіпсіздігі мен өңірдегі тұрақтылықты ұзақ мерзімге қамтамасыз етудің жалғыз жолы. Алайда бұған экстремист қоныстанушылар тарапынан жасалып отырған күш көрсету әрекеттері мен қонысты кеңейту шаралары қауіп төндіріп отыр, - делінген хабарламада.
Онда Итамар Бен-Гвир мен Бецалель Смотричтің арандату арқылы экстремистік күш көрсетіп, палестиналықтардың құқықтарының айтарлықтай бұзылуына ықпал еткені айтылған.
Мәлімдемеде бұлай етуге болмайтыны, кінәлілерді жауапқа тарту сол үшін қолға алынғаны айтылған.
- Біз шұғыл тұрде атысты тоқтатып, кепілдегі қалған адамдардың жедел түрде босатылып, азық-түлікті қоса алғанда гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуіне күш саламыз. Біз ХАМАС басқармайтын, қалпына келтірілген Газа секторын және екі мемлекет негізінде шешілетін саяси бағытты көргіміз келеді,- деп түсіндірді министрлер мәлімдеме мәтінін.
Соған қарамастан мәлімдемеде, Ұлыбритания мен оның серіктестерінің Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Газа секторында атысты шұғыл тоқтату үшін Израиль үкіметімен ынтымақтастықта жұмыс істейтіні айтылған.
Осыған дейін Израильдің Йеменнің Ходейда портына соққы бергені туралы жаздық.