Бірлескен операция: ТМД елдерінде 286 қылмыскер ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – 15-16 қазан аралығында ТМД елдерінің аумағында қылмыскерлерді анықтау және ұстау мақсатында «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

полиция
Фото: Polisia.kz

— Қазақстанға бірлескен іздестіру шараларын жүргізу үшін Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің іздестіру тобы келді. Өз кезегінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары полиция департаменттерінің жедел топтары Ресейге барып, ұқсас іс-шаралар өткізді. Жалпы екі күн ішінде 286 қылмыскер ұсталды. Сонымен бірге 55 хабар-ошарсыз кеткен адам, оның ішінде сегіз кәмелетке толмаған бала табылды, — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Айта кетелік ұрлықтан интернет-алаяқтыққа дейін: ІІМ алқа отырысында қауіпсіздік мәселелері талқыланған еді

Соңғы жаңалықтар