Бірнеше облыста жол жабылды
АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Бүгін, 10 наурыз сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді:
Қарағанды облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті).
Сонымен қатар бүгін, 10 наурыз сағат 10:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Қарағанды облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы — Топар кенті);
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 184-197 шақырым аралығы (Теміртау қаласы — Қарағанды қаласы).
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-756 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Жаңаарқа кенті).
Жолды 2026 жылғы 11 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.