08:06, 26 Қаңтар 2026 | GMT +5
Бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды
АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 26 қаңтарда Қазақстанның бірнеше аймағында оқушылар онлайн оқиды.
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласында бүгін, 26 қаңтарда ауа температурасы -25,2 градус аяз болуына байланысты 1 ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Павлодар облысы
Павлодарда бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшті.
Ақмола облысы
Көкшетауда бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары да онлайн оқиды.
Айта кетейік, Қостанайда қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Ауа райына байланысты Қазақстанның 15 өңіріне ескерту жасалды.