16:14, 08 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Бірнеше жұмысты қатар алып жүруге тыйым салынуы мүмкін бе — министр жауабы
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан азаматтарына 2-3 жерде жұмыс істеуге тыйым салына ма? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді.

— Жоқ, әрине, тыйым салынбайды. Еңбек адамы әрқашан бағаланады, егер адам жұмыс істеуге тырысса, оған ешқандай шектеу қойылмайды, — деп қысқа қайырды Светлана Жақыпова Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауында жұмысшы мамандықтарына құрметті арттыру негізгі міндеттің бірі екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, халықты жұмыспен қамту бағытында аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесі енгізіледі.
Сондай-ақ елімізде қай салада жұмыс табу оңай немесе қиын екенін жазған едік.