Брук Роллинс АҚШ Ауыл ауыл шаруашылығы министрі болуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп өзінің болашақ әкімшілігін жасақтауды аяқтады. Бұл жайында BBC жазды.

Брук Роллинс
Фото: x.com/ aglifescience

Трамп жаңа Әкімшілігінің соңғы мүшесі ретінде Брук Роллинсті елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы лауазымына ұсынып отыр. Айта кетерлігі, Дональд Трамп бірінші президенттік мерзімін атқарған уақытта Роллинс Ішкі саясат жөніндегі кеңесті басқарған. Одан кейін ол Трамптың саяси және экономикалық идеяларын ілгерілету үшін құрылған America First Policy Institute сараптамалық орталығының атқарушы директоры болды. Ақ үйдің басшысы лауазымына үміткерлер қатарында оның да кандидатурасы қаралған еді. Алайда, бұл қызмет Трамптың салауалды науқанын басқарған Сьюзи Уайлске бұйырды.

Бұған дейін Трамп өзінің болашақ әкімшілігіне алғашқы тағайындауларды жариялаған болатын. Содан кейін ол Пентагон мен ЦРУ басшыларын атады және Маскқа үкіметтің тиімділік департаментін басқаруды ұсынды. 

Ол сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы лауазымына кіші Кеннедидің кандидатурасын ұсынды, АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық барлау басқармасының басшыларын және Ақүйдің жаңа баспасөз хатшысын тағайындады. 

Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тың энергетика министрі лауазымына Liberty Energy мұнай компаниясының басшысын таңдады. 

Соңғы жаңалықтар