07:35, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Брюссельде ЕО-ның Орталық Азияда 2014-2020 жылдары есірткі таратуды болдырмау бойынша жоспары мақұлданды
БРЮССЕЛЬ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Брюссельде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету бойынша «Еуроодақ-Орталық Азия» диалогы өтті.

Еуроодақ өкілдері мен Орталық Азияның бес мемлекеті (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) ЕО-ның Орталық Азияда 2014-2020 жылдары есірткі таратуды болдырмау бойынша жоспарлық әрекетін мақұлдады.
Қазақстандық делегацияның басшысы, ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Аанатолий Выборовтың атап өтуінше, ЕО-ның Орталық Азияда есірткінің таралуын болдырмау ретінде есірткі трафигін төмендету (бірінші кезекте, Ауғанстаннан келетін героин), сонымен бірге Орталық Азия елдерінде нашақорлыққа шалдығуды азайту қарастырылып отыр.
Сондай-ақ, кездесу барысында заңсыз нарықта жаңа синтетикалық есірткілердің пайда болуына байланысты мәселеге ерекше назар аударылды.