Брюссельде қазақстандық әртістердің концерті өтті

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан мәдениеті апталығы аясында Еуропа астанасында «Алатау әуендері» концерті өтті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Концерт казахстанских артистов состоялся в Брюсселе
Фото: Арнұр Рахымбеков/Kazinform

ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестіктің 10 жылдығына, сондай-ақ ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған мәдени іс-шара Бельгиядағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақ шығармашылық тобы Қазақстан мәдениеті апталығы аясында ұлттық өнерімізді халықаралық деңгейде таныстыру үшін Брюссельге барды.

Қазақ өнерпаздарының концертін жергілікті көрермен үлкен ықыласпен қарсы алынды.

Брюссель тұрғыны Фабьен Калле қазақстандық әртістердің концертінен ләззат алғанын айтты. Ол әртістердің ерекше репертуары мен өнерін жоғары бағалады.

«Алатау әуендерінің» тарихы 1979 жылдан басталады, сол кезде Қазақстанның халық әртісі және танымал композитор Әсет Бейсеуовтің бастамасымен «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі құрылған.

Содан бері ансамбль қазақтың бай музыкалық мұрасын насихаттауда және халық шығармашылығының бірегей үлгілерін сахналауда ерекше рөл атқарды. 2011 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен ансамбль «Алатау әуендерінің» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып қайта құрылды. Бұл ұйым үшін маңызды кезең болып, кәсіби дамуға жол ашты. Бүгінде ансамбльдің 68 мүшесі бар.

Бұған дейін Брюссельде қазақ мәдени орталығы ашылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар