Бүгін Ақтөбе қаласы 146 жылдығын мерекелейді (ФОТО)

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласының іргетасы қаланғанына 146 жыл толды. Дәстүр бойынша ҚР Тұңғыш Президенті атындағы және А.С. Пушкин атындағы саябақтарда мерекелік отшашуға ұласатын түрлі іс-шаралар өтеді.
None
None

1869 жылы 15 мамырда (жаңаша 28 мамыр) Ақтөбе қаласының негізі Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылатын жерінде Ақтөбе бекінісінің орнына қаланды.

Кейін халық қоныстана бастады. 22 жылдан кейін, 1891 жылғы 25 наурызда қала уездік мәртебе алып, «Актюбинск» деген атау берілді. Қала халқы ақырындап өсе бастады - 19 ғасырдың соңғында, яғни отыз жылдан кейін қала тұрғындарының саны үш мыңға жетті.

Қазір қалада жарты миллионға жуық халық тұрады. Ақтөбе халқы қарқынды өсу үстінде. 2003-2013 жылдарда ел саны 50 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе Батыс Қазақстанда бірінші орында, ел бойынша бесінші орында.

Бүгінгі таңда Ақтөбе - елдің ірі индустриалдық, іскерлік, мәдени, білім мен ғылым орталықтарының бірі. Бірлік пен Келісім сулы-жасыл желек жолындағы православиелік шіркеу

Бірлік пен Келісім су-жасыл желекжолындағы «Нұр Ғасыр» орталық мешіті

«Ақтөбе» қонақүйі мен «Айна» сауда үйі «Шератон» қонақүйі мен Қобыланды батыр атындағы орталық стадион

Ақтөбе - жас қала

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында болашақ Отан қорғаушылар білім алып жатыр.

Қалада веложолы бар спорттық-сауықтыру алаңдарының саны өсіп келеді

Қала ортасындағы Сазды өзені

Қаланың орталық даңғылында Әбілқайыр ханның ескерткіші

1 Ақтөбедегі басты даңғылдардың бірі - Әбілқайыр хан даңғылы

Қаладағы облыстық әкімдіктің алдындағы алаң

Әлия Молдағұлова даңғылындағы Кеңес Одағының Батырлары саяжолы

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта

Қала көшелерінде

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтың орталық кіреберісі

Бірлік пен Келісім сулы-жасыл желекжолына кіреберіс

Соңғы уақытта Ақтөбеде көптеген ойын және спорттық алаңдар салынып жатыр

Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. Бұл жерде ҚР футболдан бес дүркін чемпионы - «Ақтөбе» ФК үй жаттығуларын орындайды. Қаланың көшелерінде Ақтөбенің жас тұрғындары Ақтөбеде тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштер көп. Олардың бірі - Сәнкібай батыр алаңындағы Сәнкібай батыр ескерткіші «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимараты

Мәншүк Мәметова даңғылындағы Сазды өзенінің жағалауы

Соңғы жаңалықтар