Бүгін - ҚР ғылым саласы қызметкерлерінің күні

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Мереке 2011 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.
None
None

Сала қызметкерлерін төл мерекелерімен ҚР Білім және ғылым министрлігі құттықтады.

"Құрметті ғылым саласының қызметкерлері! Барша ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын сонымен қатар, ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Бүгінде еліміз өркендеудің жаңа сатысына көтерілді. Адами капитал - стратегиялық маңызды ресурстың бірі болып отыр. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында отандық ғылым мен білімнің негізгі мақсатын айқын белгіледі: «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз керек».

Соңғы жылдары республикамыздағы ғылым саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. «Ғылым туралы» заң қабылданды, ғылымды басқарудың жаңа үлгісі мен қаржыландырудың жаңа тетіктері жұмыс істей бастады.

2010 жылмен салыстырғанда, ғылымды қаржыландыру 2,7 есеге өсті. Осы уақыттың ішінде ғылыми жобаларды гранттық қаржыландырудың 4 конкурсы өтті. Әлемдік ақпараттық ресурстар мен ғылыми басылымдарға қолжетімділік қамтамасыз етілді, ғылыми-техникалық сараптаманың халықаралық жүйесі енгізілді, ғылым мен білімнің, өндірістің интеграциясы қарқынды дамып келеді.

Қазақстанның ғылыми әлеуеті қашанда жоғары екенін, біз шын мәнінде ғылым саласында біртұтас мектептің негізін салған, өзінің ғылыми арнасында айтулы жетістіктерге қол жеткізген ғалымдарымызбен мақтанатынымызды баса айту керек.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына қосылу - еліміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін жұмылдыру мен зерттеу жұмыстарын халықаралық деңгейге көтеру, сонымен қатар оның тәжірибе жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету болып табылады.

Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, Қазақстанның қарқындап дамуына үлес қосатын жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!"

Соңғы жаңалықтар