Бүгін шайбалы хоккейден ҚР құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы матчын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатында соңғы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін шайбалы хоккейден ҚР құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы матчын өткізеді
Photo: sports.kz

В тобында Қазақстан Словения құрамасымен кездеседі.

Матчты тікелей эфирден «Qazsport» телеарнасынан көруге болады. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:20.

Еске салайық, В тобында сынға түсіп жатқан ел құрамасы бұған дейін буллитте Норвегия мен Словакияны 4:3 есебімен жеңсе, Швейцарияға 0:5, Канадаға 1:5, Чехияға 1:5және Латвияға 0:7 есебімен есе жіберген болатын.

Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды. Бұл Словения құрамасы Словакиядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін белгілі болды.