Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан Латвиядан ойсыра жеңілді

None
Фото: icehockey.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Латвиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Негізінен латвиялық хоккейшілердің белсенділігі айқын аңғарылып тұрды. Нәтижесінде бірінші кезеңде қазақстандық құрама қақпасына екі шайба соғып кетті. Бұл голдарды Рихард Букартс - 15, Оскар Багня 17-минутта өз еншісіне жазды.

Екінші кезеңде латвиялықтар Мартиныш Дзиеркалс - 21, Родриго Аболс - 29, Микс Индрашис 39-минутта гол соқты.

Ал үшінші кезеңде латвиялық Каспарс Даугавиньш - 49, Родриго Аболс 51-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Қазақстан қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.

Айта кетейік, Қазақстандық хоккейшілер биылғы әлем чемпионатында бес кездесу өткізді. Бұған дейін буллитте Норвегияны 4:3 есебімен жеңді.

Одан кейін Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5, Канададан 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ал Словакияны буллитте 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Енді қазақстандық хоккейшілер 22 мамырда Словениямен кездеседі.

20 мамырда өткен өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

А тобы

АҚШ - Дания 3:0

Австрия - Финляндия 1:3

Швеция - Франция 4:0

В тобы

Норвегия - Чехия 0:2

Канада - Швейцария 2:3


Соңғы жаңалықтар