Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды

None
olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Словения құрамасы Словакиядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін белгілі болды.

В тобында сынға түсіп жатқан ел құрамасы бұған дейін буллиттен Норвегия мен Словакияны 4:3 есебімен жеңсе, Швейцарияға 0:5, Канада мен Чехияға 1:5, Латвияға 0:7 есебімен есе жіберді.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі ойыннан кейін төрт ұпай жинады.

Ал Словения қатарынан алты кездесуде қарсыластарына есе жіберіп, бірде-бір ұпайға ие болған жоқ.

Енді Қазақстан мен Словения 22 мамырда шеберлік байқасады.

Аталған ойында словениялық хоккейшілер жеңіске жеткен жағдайда да қазақстандықтарды басып оза алмайды.

Осылайша ел құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатында элиталық дивизионда ойын көрсетуге мүмкіндік алып отыр.


Соңғы жаңалықтар