Бүгін 10 қалада ауа сапасы бұзылады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 19 қаңтарда Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Pixabay

Синоптиктер мәліметінше, жұма күні Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Елдің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар