Бүгін 10 қаланың ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін 10 қаланың ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
Фото: Pixabay

– 3 сәуірде Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, қазақстандық оқушы пластик қалдықтарынан эко-асфальт өндіру технологиясын ойлап тапты.

Ал Грузия 1 сәуірден бастап бірреттік пластик ыдыстарды сатуға тыйым салды.

Соңғы жаңалықтар