Қазгидромет ауасы ластанатын 11 қаланы атады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

Өскеменде ауа сапасы нашарлады
Фото: Қала тұрғындарынан

— 2025 жылғы 13 қаңтарда Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде ауа сапасы нашарлаған қалалар саны күрт артқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар