Бүгін 2 мегаполис пен 6 қалада ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

ауа сапасы
Фото: Рixabay

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 2025 жылғы 16 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Шымкент қалаларында, түнде Атырау, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Өскемен аспанын 16 күн бойы түтін басып тұрғанын туралы жаздық.