Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Александр Павский/Kazinform

— 2025 жылғы 7 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Өскемен, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетелік Қазгидромет ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар