06:20, 18 Шілде 2025 | GMT +5
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

– 2025 жылғы 18 шілдеде Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетелік еліміздің 14 облысында аптап ыстық болады.