Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

— 2025 жылғы 11 қаңтарда Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар