Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 24 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, түнде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қазақстан «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасын ұсынды.
Ал Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Өңірлік экологиялық саммитте шаңды және құмды дауылдар жиілеп бара жатқанын мәлімдеді.