Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 2025 жылдың 21 қарашасында Алматы, Атырау, Шымкент, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі ауа сапасының жағдайы жөнінде пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар