Бүгін 5 қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК елдің бірнеше қаласында ауа сапасы төмендейтінін хабарлады. 

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылдың 20 қазанында Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Теміртау, Қарағанды ​​қалаларында қолайсыз ауа райы болжанды, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар