Бүгін 6 қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 6 қазанда Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Соңғы жаңалықтар