02:58, 26 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Бүгін 7 қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

-2025 жылғы 26 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында күтіледі, -делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.