Бүгін 7 қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК елдің бірнеше қаласында ауа сапасы төмендейтінін хабарлады.  

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 2025 жылғы 11 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қазгидромет бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар