Бүгін 7 қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі бүгінгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: Freepik

— 2026 жылғы 30 қаңтарда Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскеменде ауаға тараған екі зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткен.

Соңғы жаңалықтар