Бүгін 7 қаланың ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы төмендейді
Фото: Pexels

– 7 сәуірде Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Теміртау, Қарағанды, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда DJ-сет форматында өткен экоакцияда 20 тонна қоқыс жиналды.

Соңғы жаңалықтар