Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 22 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және түнде Астана қаласында болуы мүмкін, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске салайық, бүгін Астана мен тағы 15 өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар