Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылдың 20 қарашасында Алматы, Атырау, Шымкент, Павлодар, Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетейік, 20 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер өңірлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болатынын хабарлады.