05:55, 21 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Бүгін 9 қалада ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 21 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Орал қалаларында, түнде Атырау, Қостанай, Алматы, Астана күтіледі, — делінген ақпаратта.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.