Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Kazinform

«2025 жылғы 14 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қалаcында күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, «Қазгидромет» 14 желтоқсан, жексенбі күні Қазақстанның 16 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар