Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Алматы, смог, түтін, экология, ауа сапасы
Фото: Александр Павский/Kazinform

«2025 жылдың 11 қарашасында Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін еліміздің 15 өңірінде және Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

Ал Қарағанды облысы жолдарында қысқы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Соңғы жаңалықтар