Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Алматы, смог, түтін, экология, ауа сапасы
Фото: Александр Павский/Kazinform

«2025 жылғы 2 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, Қазақстанның 15 облысында 3 қараша күнгі ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар