Бүгін Алматы мен Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 15 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Ақтөбе қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Ақтауда жаз басталғалы жағымсыз иіс күшейген. Мамандар иіс КОС-2 және Қошқар ата қалдық қоймасынан келіп жатқанын айтты.
Сондай-ақ Шымкентте 18 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылғанын жаздық.