Бүгін Алматы мен Талдықорған қалаларында ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 14 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Талдықорған, Алматы қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, Алматыда ауаны ластап жатқан нысандарды анықтайтын 20 мобильді станция сатып алынады.
Сондай-ақ Алматыда моншаларға қатысты экологиялық талаптар күшейтілетін болды.