Бүгін Алматы және тағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 2025 жылдың 8 қарашасында Атырау, Ақтау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске салайық, бұған дейін қарашаның қара суығы бұрқасынға ұласатыны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар