05:05, 16 Тамыз 2025 | GMT +5
Бүгін Алматыда ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің бір қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

-2025 жылғы 16 тамызда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін француз ғалымдарының микропластиктің қаупіне алаңдаулы екені туралы жаздық.