06:09, 13 Тамыз 2025 | GMT +5
Бүгін Алматыда ауа сапасы нашар болады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

— 2025 жылғы 13 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұдан бұрын Алматы мен Атырауда ауа ластанатынын жазған едік.