Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Өскеменде ауа сапасы нашарлады
Фото: Өскемен қаласы тұрғындарынан

– 2024 жылғы 1 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қостанай, Павлодар қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Өскеменде халық түтін басқан қалада тұншығып, ал сарапшылар ауа сапасының мониторингі сылбыр жүргізілетінін сынға алғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар