Бүгін Астана қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы, экология
Фото: Kazinform

«2026 жылғы 18 ақпанда Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыдағы тексеріс кезінде әр екінші көліктің экологиялық норманы бұзғаны анықталды.

Ал Өскеменде ауаға тараған 3 зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткен.

Соңғы жаңалықтар
Референдум