07:30, 28 Ақпан 2026 | GMT +5
Бүгін Астана мен тағы 7 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 28 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Павлодар, Қарағады, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Қостанай қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Шымкентте қыстың соңғы айында жеміс ағаштары гүлдеді.
Бұған дейін сарапшы аяз бен қалың қардың күздік дақылдарға әсерін бағалады.