Бүгін Астана мен тағы 8 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 14 қазанда Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау қалаларында, ал түнде Астана, Қарағанды, Қостанай, Теміртау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, ШҚО-да экологиялық тексеруден соң 12 ауылдық округ әкімі жазаланды.
Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытында экологиялық заң бұзу анықталды.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты бір айда нақты шешім қабылдауды тапсырған болатын.