03:20, 21 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Бүгін Астана мен тағы екі қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 21 желтоқсанда Ақтөбе, Астана және түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қазақстанның 16 облысында 21 желтоқсан күні ауа райына байланысты ескерту жарияланды.