07:20, 02 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Бүгін Астанада және тағы 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылғы 2 желтоқсанда Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды.