Бүгін Атырау мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 2025 жылғы 5 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау және Ақтөбе қаласында болжанған, — деп жазды Қазгидромет.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

 

Соңғы жаңалықтар