Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Gazeta.uz

— 2025 жылғы 4 маусымда түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК 2025 жылдың маусым айына арналған Қазақстан бойынша консультативтік ауа райы болжамын жария етті. Биыл бұл айда ауа райы құбылмалы болады деп күтіліп отыр. Елдің әр аймағында ыстық пен салқын күндер алма-кезек ауысып, найзағай, жаңбыр, бұршақ, қатты жел, кей күндері шаңды дауыл болуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар